Ірі жобаларды қолдау және инвестиция тарту тетіктері талқыланды

Ірі жобаларды қолдау және инвестиция тарту тетіктері талқыланды


Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шайхы Жандоспен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар өңірде жүзеге асырылуы жоспарланған ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және қолдау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, инвестиция тарту механизмдерін жетілдіру және даму институттарымен өзара іс-қимылды кеңейту жолдары қаралды.

Талқылауға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ өкілдері де қатысты.

 Инвестициялық тапсырыс бағдарламасы аясында перспективалы бастамаларды қаржыландыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Ақтөбе тарапынан өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше жобалар ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды жан-жақты пысықтау, инвесторларды іздеу және «Бәйтерек» холдингі құралдарын пайдалана отырып қаржыландыру тарту бағытында әрі қарай өзара ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.