
Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаров ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Мәжіліс депутаттары Қазыбек Әлішев пен Серік Егізбаевты қабылдады.
Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестиция тарту және бизнесті өркендету жайы, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.
Еске салайық, халық қалаулыларының Ақтөбе облысына кезекті жұмыс сапары басталды. Депутаттар сапар аясында жоспарланған бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандарды аралайды.