Бас прокуратура WhatsApp мессенджеріндегі киберқылмыс жөнінде ескертті

Бас прокуратура WhatsApp мессенджеріндегі киберқылмыс жөнінде ескертті

 

WhatsApp-ты бұзып кірусіз және ізсіз «үнсіз басып алу» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес (infobezopasnost.ru/blog/news/kiberataka-ghostpairing-pozvolyaet-moshennikampoluchit-polnyj-dostup-k-whatsapp-bez-vzloma-parolya,securitylab.ru/news/567291.php, securitymedia.org/news/list/atakaghostpairing-pozvolyaet-nezametno-zakhvatyvat-akkaunty-whatsapp.html) кибералаяқтар «WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолдануда. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді.

Алаяқтар «WhatsApp»-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.

Сценарийі қарапайым: пайдаланушыға «Facebook» немесе «WhatsApp» атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол «Facebook» пен «WhatsApp» интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды. Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, «WhatsApp»- қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік).

Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды. «WhatsApp»-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы - «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс.

Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:

- белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар;

- «WhatsApp» кодын бөгде парақшаларға енгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату - әрқашан алаяқтық;

- екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;

- аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар;

- қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.

Бір қатенің құны - Сіздің жеке хат алмасуыңызды толық бақылау.