Денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы

Денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы

 

 Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Ал сол өмірді сақтау – ең үлкен жауапкершілік.

Президенттің денсаулық сақтау саласын жан-жақты дамыту, медициналық көмекті әрбір азаматқа, әсіресе ауыл халқына қолжетімді ету жөніндегі нақты тапсырмалары 2025 жылы Ақтөбе өңірінде нақты іске айналды. Бұл жыл – ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтып, шалғайдағы елге шынайы қамқорлық көрсетілген жыл болды.

Өңірімізде қайтарылған активтер бар, ауыл ел бесігі бағдарламасы бар 12 жаңа медициналық нысан ашылды. Ауруханалар жаңарды. Ақтөбе медициналық орталығы, балалар ауруханасы және бірнеше аудандық емдеу ұйымдары заманауи талапқа сай күрделі жөндеуден өтті. Биыл 7,4 миллиард теңгеге алынған 110 бірлік жаңа медициналық құрал мыңдаған адамның өмірін сақтауға қызмет етуде.

Арнайы мемлекеттік қор мен серіктес ұйымдардың қаражаты есебінен өңірде бірқатар маңызды жобалар іске асырылды: Балаларға арналған 14 «Даму және ерте араласу орталығы» ашылды; шалғай аудандардан келген жүкті әйелдерге арналған «Салауатты ана» пансионаты жұмыс істей бастады. Бұл – ананың амандығы, баланың болашағы. Медицина – маманмен мықты. Сондықтан дәрігерлерге қолдау күшейді.

Көтермелеу төлемдері артты, қызметтік баспана берілді, жас мамандарға жол ашылды, ал үздіктер шетелде білімін жетілдірді. Уақыт талабына сай, «Онлайн медицина» жобасы шалғай ауыл мен білікті дәрігер арасындағы қашықтықты қысқартты.

Ақтөбе медицина орталығында PACs жүйесі, жасанды интеллект көмегімен орталық жұмысын бастады. Дені сау ұлт – берік болашақтың негізі.