
Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Облыс әкімі жазбасында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өткізгенін, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жылдың қорытындыларын баяндағанын сөз еткен.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттер аясында өңірді дамытуға бағытталған жоспарлар, сондай-ақ қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан нақты жобалар жан-жақты таныстырылыпты. Аймақтың негізгі даму бағыттары, инфрақұрылым, әлеуметтік сала, инвестициялық жобалар мен халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударылған.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, журналистер тарапынан ақтөбеліктерді алаңдатқан өзекті мәселелер көтерілген.
Облыс әкімі әрбір сұрақты қоғамның үнін білдіретінін, әрбір үлес ортақ іске қосылатын үлес деп атап өткен. Аймақ басшысы алдағы уақытта да ашықтық қағидатын берік ұстанып, бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс жалғаса беретінін алға тартты.
«Бірлік бар жерде – береке, ортақ мақсат бар жерде – нақты нәтиже болады»,– деді облыс әкімі.
Кездесу соңында өңір басшысы елдің тыныштығы мен жұрттың амандығын тілеп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне атқарып отырған жауапты жұмыстары үшін алғысын білдірген.