Халықаралық “Aktobe Open–2025” турнирі өз мәресіне жетті

Халықаралық “Aktobe Open–2025” турнирі өз мәресіне жетті

 

Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында өткен халықаралық “Aktobe Open–2025” турнирі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Биылғы жарысқа Румыния, Моңғолия, Ресей, Үндістан, Пәкістан және Қазақстан құрамалары қатысып, асық ату бойынша жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар Ақтөбе облысының командасы жеке құрам ретінде бақ сынап, өздерінің қарым-қабілеті мен дайындық деңгейін айқын көрсетті.

Бес асық бойынша жекелей сында нәтижелер:

І сақа: •

🥇 Әскер Сәния — Қазақстан құрамасы •

🥈 Қабижан Дана — Ақтөбе облысы •

🥉 Малик Шукир — Моңғолия

ІІ сақа: •

🥇 Амангелді Назгүл — Қазақстан құрамасы •

🥈 Бұхарбаева Айнұр — Ақтөбе облысы •

🥉 Динислам Күннұр — Моңғолия

ІІІ сақа: •

🥇 Жақыбек Аружан — Қазақстан құрамасы •

🥈 Бақбергенова Аяулым — Ақтөбе облысы •

🥉 Ержан Хамза — Моңғолия

Асық ату бойынша жекелей сында нәтижелер:

І сақа: •

🥇 Құлыбек Ғарышбек — Ақтөбе облысы •

🥈 Нұрланов Жомарт — Қазақстан құрамасы •

🥉 Мунтаев Смағұл — Ресей

ІІ сақа: •

🥇 Айтқұлов Амандос — Қазақстан құрамасы •

🥈 Байниязов Нұрбек — Қазақстан •

🥉 Некрасов Алексей — Ресей

ІІІ сақа: •

🥇 Сәрсеков Еркебай — Қазақстан құрамасы •

🥈 Қалқабай Саят — Ақтөбе облысы •

🥉 Қадирхан Ақжол — Моңғолия.