«Сыбаға-2025» этнофестивалі: Ұлттық тағамдар көптің таңдайын қақтырды

«Сыбаға-2025» этнофестивалі: Ұлттық тағамдар көптің таңдайын қақтырды

 

Ақтөбедегі «Сарқыт» мейрамханасында ұйымдастырылған «Көнеден жеткен дәм» гастро-фестивалінде облыстың әрбір ауданы өзіне тән ұлттық тағамдарын ұсынып, олардың шығу тарихы мен символдық мәні туралы әңгімеледі. Қонақтардың ерекше назарын аударған тағамдардың бірі — үлпершек, ол дәстүрде ата-ананың қызына деген қамқорлығы мен мейірімін білдіреді.   

Фестиваль қатысушысы Назифа Алдрапекова бұл тағамның бұрын жас келіншек алғаш рет төркініне келген кезде арнайы дайындалғанын айтты.  

 «Ұзатылатын қызға дайындалатын тағамды жасадым. Бұрын тұрмысқа шыққан қыз бала сүйген соң ғана ата-анасына қонаққа барған. Сол кезде төркіні оған арнап ерекше тағам — үлпершек әзірлеген», — деді ол. 

Қатысушылар мен қонақтардың айтуынша, фестиваль дәм мерекесі ғана емес, тереңнен тамыр тартқан мәдени дәстүрлерді қайта танып-білуге мүмкіндік берген шара болды.