Ақтөбеде «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтеді

Ақтөбеде «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтеді

 

Форум 4-5 желтоқсанға жоспарланған. Шетелдік дипломатиялық миссиялар, халықаралық компаниялар және салалық бизнес өкілдерімен бірге 350-ден астам қонақтың қатысуы күтілуде.

Ауқымды шарада өңір өнеркәсібін дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді модернизациялау және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланады. Іс-шара аясында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған салалық меморандумдарға қол қою рәсімі өтеді.

Сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындары, агроөндірушілер, IT-компаниялар және қолөнершілер қатысатын көрме ұйымдастырылады.