
Бүгін Астанада өтіп жатқан ауыл әкімдерінің диалог-платформасына Ақтөбе облысынан 108 ауыл әкімі қатысуда.
Делегацияны өңір басшысы Асхат Шахаров бастап барды. Өңір бойынша 206 ауылдық және қалалық округ әкімдері тікелей сайланды.
Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылдардағы оң өзгерістерге тоқталып, әкімдердің жұмысын жақсарту бағытында бірқатар нақты міндет қойды.
Айтып өтейік, Президент 2022 жылы халыққа ұсынған сайлау алдындағы бағдарламада ауыл мәселесіне айырықша назар аударды. Алғашқы Жарлығы да ауылды дамытуға арналды. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Қазіргі таңда осы құжатқа сай нақты жұмыс атқарылып жатыр.