
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады.
Қабылдау барысында аймақтағы діни ахуал, қоғамдық келісім және дінаралық өзара түсіністікті нығайту мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысында қос тарап ортақ бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.