Қожасай ауылына газ берілді

Қожасай ауылына газ берілді

 

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Қожасай ауылына көгілдір отын жеткізілді. Газ тарту жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендерді кезең-кезеңімен газдандыру тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясының Жол картасы және «QazaqGaz Aimaq» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында іске асырылды.

Көгілдір отын қосудың салтанатты рәсіміне облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, сондай-ақ «QazaqGaz Aimaq» АҚ облыстық филиалының директоры Жомарт Бітірбай қатысты. Олар ауыл тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтап, көгілдір отын келген алғашқы тұрғындардың бірі Серік Елемесовтің үйіне барды.

Қазіргі таңда Қожасай ауылында 49 үйде 274 тұрғын тұрады. Ауыл халқы көптен күткен газдың келуіне себепкер болған мамандар мен ұйымдарға алғыс білдірді. Газ тарту жұмыстарын «АБТМ» ЖШС атқарған.