Премьер-Министр Кеңесшісі Ақтөбе облысындағы инженерлік желілердің цифрлануымен танысты

Премьер-Министр Кеңесшісі Ақтөбе облысындағы инженерлік желілердің цифрлануымен танысты


Премьер-Министр кеңесшісі Ермек Маржықпаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Aqtobe su-energy group» АҚ ахуалдық орталығында болып, компанияға қарасты «Қазандық», «Батыс-2» және «Есет батыр» қазандықтарының техникалық жай-күйін және жылыту маусымының өту барысын тексерді.

 Сапар барысында ол инженерлік желілер мен инфрақұрылымдық нысандардың цифрландыру үдерісімен танысты. Бұл жүйе бастоғандар мен қазандықтарды, кәріз сорғы станцияларын, сондай-ақ жылу және сумен жабдықтау желілерін қамтиды. Заманауи цифрлық шешімдер арқылы нысандардың жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға және кез келген ақауға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

 Ермек Маржықпаев мұндай инновациялық жүйелердің енгізілуі ұйым қызметінің тиімділігін арттырып, процестердің ашықтығын қамтамасыз ететінін және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға септігін тигізетінін атап өтті.