
Өңір басшысы Маресьев көшесіндегі «Қоныс» спорт сарайы маңындағы скверге барды. Мердігер ұйым – «Интерстиль» ЖШС. Жұмыстар 90% бітті.
Асхат Шахаров абаттандыру жұмыстарын сапалы түрде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, ол тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау үшін сквер аумағында көгалдандыруды күшейтуді, жарықтандыру мен шағын архитектуралық нысандардың сапасына ерекше назар аударуды жүктеді.
Облыс әкімі қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру — атқарылып жатқан барлық жұмыстың басты мақсаты екенін атап өтті.