Ақтөбе облысында ең ірі футбол стадионы салынып, спорттық инфрақұрылым қарқынды дамуда

Ақтөбе облысында ең ірі футбол стадионы салынып, спорттық инфрақұрылым қарқынды дамуда

 

34 980 көрерменге арналған жаңа футбол стадионын салу жұмыстары Ақтөбе қаласындағы «Алтын Орда» шағын ауданында басталып кетті. Қазіргі таңда нысанның аумағықоршалып, құрылысқа дайындық жұмыстарыжүргізіліп жатыр.

Құрылыс алаңында болған облыс әкіміАсхат Шахаров өңірде футболды дамыту жәнебұқаралық спортты қолдау бағытындағыжұмыстар туралы айтып өтті.

Оның сөзінше, жергілікті футбол клубтарындамыту мен жоғары деңгейдегі спортшылардыдайындау үшін қолайлы жағдай жасаумаңызды.

«Мемлекет басшысы жаңа футбол академиясын салуды тапсырды. Егер бізжоғары деңгейдегі спортшылардыдайындағымыз келсе, оларға лайықты жағдайжасауымыз қажет. Былтыр Ақтөбе облысындаөз академиямызды аштық. Басты мақсатымызжергілікті клубтарды, бұқаралық спорттыдамыту және ұлттық құраманың ойыншыларынтәрбиелеу. Бұл үшін барлық қажетті жағдайөңірлерде жасалуы тиіс», – деді АсхатШахаров.

Облыс әкімі атап өткендей, қазіргі уақыттафутбол клубтарын жекешелендіру мәселесібойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл мәсележыл соңына дейін толық шешіліп, «Ақтөбе» футбол клубы жеке меншікке өтеді депжоспарлануда. Клуб құрылымында оны дамытуға бағытталған өзгерістер енгізіледі, оған айтарлықтай қаржыландыру мен жүйелі жұмыс қажет.

Асхат Шахаровтың айтуынша, мұндай ауқымды жобалар Мемлекет басшысыныңқолдауының арқасында жүзеге асуда. Алшаралардың барлығы футболдың тұрақтыдамуына, ұлттық құраманың ойыншыларынтәрбиелеуге және өңір тұрғындары үшінсалауатты өмір салтын қалыптастыруғамүмкіндік береді.