
Республикалық маңызы бар А–26 «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автомобиль жолының 92+100 шақырымында апаттық жағдайдағы көпір қайта жаңартылып жатыр.
Аталған көпір көктемгі су тасқыны кезінде зақымданған еді. Сол уақытта жол қызметкерлері тәулік ішінде көлік қозғалысын қалпына келтірді, алайда сарапшылардың қорытындысы бойынша көпірге күрделі жөндеу қажет деп танылды.
Көпірді қайта жаңарту жұмыстары 2025 жылдың маусым айында басталды. Жобаның бас мердігері - «СЕРВИС НС» ЖШС.
Қазіргі уақытта:
* Ескі көпірді бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде;
* Өндірістік база аумағында бетон араластырғыш қондырғы (БСУ) іске қосылды;
* Екі бұрғылау қондырғысы қадаларды қағу жұмыстарын екі ауысымда атқаруда.
Қиыршық тас, арматура, цемент, темірбетон бұйымдары мен құм сияқты негізгі құрылыс материалдары толық дайындалған.
Нысанда 22 бірлік техника мен 45 жұмысшы жұмылдырылған (жақын уақытта олардың саны артады).
Айта кету керек, алдағы көктемгі су тасу кезеңінде көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала дайындық шаралары жүргізіліп жатыр.