ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді


ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова  өңір тұрғындарымен, оның ішінде белсенді қоғам өкілдерімен, облыстық, қалалық және аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында азаматтық сектор бағытында атқарылып жатырған жұмыстар баяндалып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Айзада Құрманова азаматтарды жеке қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Айта кетелік, бүгінде облыста заңды түрде 800-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 80 %-ы Ақтөбе қаласында тіркелсе, 20 %-ы аудандарда тіркелген.