
Облыс дәрігерлері 17 ұл мен 14 қыз баланың дүние есігін ашуына себепкер болды. Аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы, олар жақын күндері үйлеріне шығарылады.
«25 қазан — Республика күні — Облыстық перинаталдық орталықта 13 нәресте дүниеге келді, олардың ішінде 7 ұл және 6 қыз. Сәбилердің ішінде ең ірісі - 4220 грамм, оған Айсифи деген есім берілді. Ал салмағы аз нәресте Ханторе есімді ұл бала – 2490 грамм болып туылды», — деді орталық директорының орынбасары Андрей Гайдай.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында босандыру қызметіне үшінші деңгейдегі көмек көрсететін екі орталық және бірінші мен екінші деңгейлі перинаталдық көмек көрсететін 13 бөлімше кіреді. Олар Ақтөбе қаласында және аудан орталықтарында орналасқан.