Инклюзияны дамыту: өңірде жаңа ПМПК ашу және кадр даярлау жоспарлануда

Инклюзияны дамыту: өңірде жаңа ПМПК ашу және кадр даярлау жоспарлануда

 

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығыменөткен отырыста ерекше білім беруді қажетететін балаларға тең білім алу мүмкіндігінқамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Облыстық білім басқармасының басшысыБұлбұл Қүзембаеваның мәліметінше, өңірде 9 753 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. Олардың білім алуын қолдау мақсатында 31 арнайы ұйым жұмыс істейді. Атап айтқанда, 5 психологиялық-медициналық-педагогикалықконсультация (ПМПК), 15 түзету кабинеті, 3 арнайы мектеп және аутизмі бар балаларғаарналған орталық қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта облыстағы 92 балабақшада 547 инклюзивті топ, ал 347 мектепте 1 070 инклюзивті сынып бар. Онда 3 811 бала білімалуда. Сонымен қатар, 189 арнайы педагог пен 450-ден астам көмекші маман еңбек етіпжатыр.

Соңғы жылдары бірнеше ірі жоба жүзеге асқан. «Ақбота» және облыстық арнайы балабақшағакүрделі жөндеу жүргізілген, 136 орындық«Жұлдыз» жаңа балабақшасы пайдалануғаберілген. Қазіргі уақытта тағы екі нысанныңқұрылысы жүріп жатыр.

Басқарма басшысы бірқатар өзекті мәселегеде тоқталды. Атап айтқанда, дефектологтармен логопедтердің жетіспеушілігі, ПМПК жұмысының шамадан тыс жүктелуі жәнеарнайы балабақшаларға кезекте тұрған 501 баланың бары – шешімін қажет ететінмәселелер қатарында.

Облыс әкімі Асхат Шахаров Ембі қаласындажаңа ПМПК ашу жұмыстарын жеделдетуді, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ мен Ақтөбегуманитарлық колледжінде арнайы мамандардаярлау бағдарламаларын қайта қарауды жәнепедагогтерді ынталандыру шараларынкүшейтуді тапсырды.

«Әрбір баланың сапалы білім мен даму құқығыбар. Бұлқоғамның кемелдігін көрсететінмаңызды көрсеткіш», – деді өңір басшысы.