Әйке ауылында әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, инфрақұрылым жаңғыртылуда

Әйке ауылында әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, инфрақұрылым жаңғыртылуда

 

Әйтеке би ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Әйке ауылына барды.

Асхат Шахаров Әйке ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қазір Әйке ауылының кіреберіс жолына жөндеу жүргізілуде. Жұмыстарға «Altai Building LTD» ЖШС жауапты. Құны 147 млн теңгені құрайтын жобада ұзындығы 1,7 шақырым жол учаскесін жөндеу қарастырылған. Бүгінгі таңда шамамен 50% жұмыс орындалды. Әкім мердігерге жұмыстардың мерзімі созылып кеткенін айтып, жобаны белгіленген мерзіміне сай тапсырды.

Өңір басшысы сондай-ақ 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен ауылдың кіреберісіндегі көпірдің құрылыс барысын бағамдады. Былтырдан бері құрылыс жүріп жатыр. Мердігер – «Сантехцентр» ЖШС. Жобаның құны – 252 млн теңге, бүгінде 30% жұмыс атқарылған. Нысанға қажетті материал жеткізілген, қадалар қағылуда.

Ангар үлгісіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. 150 адамға арналған кешенде қазақша күрес, тоғызқұмалақ, қол күресі, волейбол, футбол және үстел теннисі бойынша жаттығулар өтеді.

Әйке ауылында Асхат Шахаров жергілікті тұрғындармен кездесті. Ауылдық округ әкімі Манас Ерғазиев округтің әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы баяндады. Округ құрамына Айке және Тереңсай ауылдары кіреді. Жалпы халық саны – 1 701 адам. Мұнда 34 шаруа қожалығы, бір ЖШС және 50 жеке кәсіпкер бар. Екі мектеп, екі балабақша, клуб, кітапханалар және медицина пункті жұмыс істейді.

Жергілікті тұрғындар нысандар құрылысының аяқталуы, жолдардың жағдайы және ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мәселелерін көтерді.

Облыс әкімі ауыл тұрғындарының сұрақтарын тыңдап, олардың шешімін бақылауға алуды тапсырды.

«Ең бастысы – тұрғындардың әл-ауқаты. Ауыл дамып, халық нақты өзгерістерді сезінуі қажет. Ол үшін барлық туындаған мәселелерді біртіндеп шешетін боламыз», – деп атап өтті әкім.