Ақтөбе облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен және кикшеринг компаниясымен бірлесіп, Ақтөбе қаласы аумағында электросамокаттарды қоюға арнайы белгіленген 23 орынды анықтады.
Бұл шара электросамокаттарды ретсіз тастау жағдайларының алдын алуға, жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірмеуге және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған бастама Президент Жолдауында айқындалған басымдықтарға сәйкес келеді. Онда ережелерді сақтау мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіздікке және қалада жайлы орта қалыптастыруға айрықша мән берілген.
Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары электросамокатты пайдаланушыларды көліктерін тек арнайы жабдықталған тұрақтарға қалдыруға шақырады. Бұл қаланың көшелерінде тәртіпті сақтауға, жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеуге және жалпы көшедегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.