Мұғалжар ауданын газбен қамту көрсеткіші 97%-ке жетті

Мұғалжар ауданын газбен қамту көрсеткіші 97%-ке жетті

 

Мұғалжар ауданында елді мекендерді газдандыру жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кезең-кезеңімен жалғасуда.

Күні кеше Егіндібұлақ ауылдық округіне қарасты Бұлақты ауылына көгілдір отын берілді.

Салтанатты іс-шараға Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев Мұғалжар, ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және QaqaqGasAimaq Ақтөбе филиалының өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

423 тұрғыны, 137 ауласы бар Бұлақты ауылының тұрғындары көгілдір отынның келуіне атсалысқан азаматтарға да алғыстарын жеткізді. Айтып өтейік, газ тарту жұмыстарына жауапты мердігер мекеме - «Алихан-Ойл З» ЖШС болды.

Жобаны тапсырыс беруші - Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы.

Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданы бойынша елдімекендерді газбен қамту 97% құрайды. Жыл соңына дейін Ащысай, Сабындыкөл және Қожасай ауылдарына газ беру жоспарлануда.