Ақтөбе облысындағы заманауи сүт фермасында жылына 20 мың тоннаға дейін сүт өндірілмек

Ақтөбе облысындағы заманауи сүт фермасында жылына 20 мың тоннаға дейін сүт өндірілмек

 

Ақтөбе облысы әкімдігі «Ақтөбе» ӘКК» АҚ және «Айс» ЖШС бірлесіп, құны 7,4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жоба аясында 1 625 жоғары өнім беретін ірі қара малға арналған сүт-тауарлы ферма кеңейтіледі.

Бірінші кезең іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. 2025 жылдың тамыз айында екінші кезеңді қаржыландыру басталды. Ол қосымша 15 жұмыс орнын ашып, жылына 20 мың тоннаға дейін сүт өндіруге мүмкіндік береді.

Жоба аймақтағы сүт өнімдеріне деген тапшылықты азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, «Айс» ЖШС өнімді ресми бөлшек сауда бағасының 90%-нан жоғары емес деңгейде сатуды міндетіне алып, халық үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.