Заң мен тәртіп: Ақтөбеде ауқымды гарнизондық тарату өтті

Заң мен тәртіп: Ақтөбеде ауқымды гарнизондық тарату өтті

 

26 мен 28 тамыз күндері аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Осыған байланысты орталық алаңда полицияның кешенді күштерінің гарнизондық сапқа тұруы ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шара соңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері саптық даярлық пен тәртіпті паш етіп, салтанатты маршпен алаңнан өтті.

Гарнизондық сапқа тұрудан кейін тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бойынша өздеріне жүктелген міндеттерге кірісті.