«Құрметке» лайық ұстаз

«Құрметке» лайық ұстаз

 

Биылғы Тамыз кеңесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Құсатаева Ұлжан Сансызбайқызы «Құрмет» орденімен наградталды. Награданы облыс әкімі Асхат Шахаров табыстады.

Ұлжан Құсатаева – Ақтөбе қаласындағы №28 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, жалпы еңбек өтілі – 37 жыл.

Ұзақ жылғы педагогикалық қызметінде ол заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін жетік меңгеріп, кәсіби біліктілігі жоғары ұстаз ретінде танылды. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Уроки естествознания в 3 классе» әдістемелік құралының және «Волшебные бабочки» интерактивті электронды ортасының авторы.

Ұстаздың еңбегі қала, облыс және республикалық деңгейде көптеген алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапатталған.

Педагогтің кәсіби жетістіктері түрлі деңгейдегі байқаулардағы жеңістерімен дәлелденген. 2022 жылы облыстық «Ең үздік сабақ» байқауының жеңімпазы атанып, бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық олимпиадаларында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. 2023 жылы республикалық «Білікті ұстаз» олимпиадасында бірінші орын иеленсе, 2024 жылы «Үздік мұғалім – 2024» республикалық байқауында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, халықаралық деңгейде де кәсіби шеберлігі мойындалып, «Абай оқулары» байқауында бірінші орынды иеленді.

Бүгінде Ұлжан Құсатаева жас буынға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды оқуға деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа және болашаққа қажет құндылықтарға тәрбиелеуді жалғастыруда.