2025 жылы Мәртөк ауданында тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асуда.
Жолдар:
– «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралі бойында 37,5 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілуде.
– «Мәртөк–Дмитриевка–Байторысай–Полтавка» және «Байторысай–Шевченко» бағыттарында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
– Қызылжар–Бөрте бағытындағы көпір құрылысы қыркүйекте басталады.
– Мәртөк ауылында 6 көше жөнделуде, оның екеуі толық аяқталды.
Білім беру нысандары:
– Сарыжар ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланған.
– Кеңсахара ауылында 100 орындық, Достық ауылында 60 орындық мектеп салынып жатыр.
– №3 Мәртөк орта мектебінде жаңа спорт залы бой көтеруде (жұмыстың 90%-ы аяқталған).
– №3 «Айналайын» балабақшасы мен Құрмансай мектебінде күрделі жөндеу жүріп жатыр.
Мәдениет және әлеуметтік нысандар:
– Мәртөк ауылында құны 1 млрд теңгеден асатын Өнер орталығы салынып жатыр. Құрылыс 80%-ға орындалып, нысан қарашада тапсырылады.
– 930 млн теңгеге жаңа өрт сөндіру бекеті салынуда.
Инженерлік инфрақұрылым:
– Байнассай, Ақмоласай, Хазірет, Қызылжар, Шевченко, Бөрте ауылдары биыл газға қосылады.
– Аққайың ауылында газ құбырының құрылысы жалғасып жатыр.
Цифрлық даму:
– Биыл бірқатар елді мекендерде жаңа 4G мұнаралары орнатылды.
– Жыл соңына дейін ауданның барлық ауылдары мобильді интернетке қосылады.
Бұл жобалардың барлығы – сіздердің жайлы өмір сүріп, заманауи инфрақұрылымға қол жеткізулеріңіз үшін жасалуда. Жұмыстардың сапасы мен мерзімі жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.