Спорт күніне арналған таңғы жаттығуға 3 мыңнан аса ақтөбелік қатысты

Спорт күніне арналған таңғы жаттығуға 3 мыңнан аса ақтөбелік қатысты


Тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні атап өтіледі. Мерекеге орай, Ақтөбе өңірінде бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі уақытта облыс халқының 43%-і спортпен шұғылданады.

Ал бүгін ақтөбеліктер мерекелік көңіл-күймен таңғы жаттығуға жиналды. Футболдан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің алаңында өткен шараға түрлі жастағы тұрғындар – мектеп оқушылары, студенттер, спортшылар мен зейнеткерлер қатысты. 3000-нан астап спортсүйер қауым бір мезетте жаттығу істеді.

Ұйымдастырушы - облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетовтің айтуынша, таңғы жаттығу бағдарламасы қарапайым созылу және тыныс алу жаттығуларынан басталып, кейін би элементтерімен әрлендірілген қарқынды қозғалыстарға ұласты. Қатысушыларға жергілікті спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен қаламыздағы фитнес-нұсқаушылар жетекшілік етті.

Өңірде Президенттің салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спорттық дамыту тапсырмасы аясында жыл өткен сайын спортқа қызығушылық жыл сайын артып келеді. Спорттық нысандар да бой көтеруде. Соңғы екі жылда 20-дан астам дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып, халық игілігіне берілген. Жыл соңына қарай, облыс орталығындағы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт кешенінің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.