Өңір басшысы Сенат депутатын қабылдады

Өңір басшысы Сенат депутатын қабылдады

 

Ақтөбе облысынан ҚР Парламенті Сенатына сайланған депутат Амангелді Нұғманов өңірге жұмыс сапарымен келді. Іссапар 25 тамызға дейін жалғасады.

Бүгін сенаторды облыс әкімі Асхат Шахаров қабылдады. Кездесу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар және инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды.

Әкім өңірде жүзеге асып жатқан бастамалар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндаса, Сенат депутаты заңнамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Амангелді Нұғманов Президент тапсырмаларын орындау – басты міндет екенін жеткізді. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар нысандар салу, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікке серпін беру, ауыл шаруашылығы мен туризмді қолдау бағыттарында қоғам мен билік арасында ашық әрі сындарлы диалог болуы қажет.