Ақтөбеде 180 сарбаз әскери ант қабылдады

Ақтөбеде 180 сарбаз әскери ант қабылдады


Ақтөбе қаласындағы Орталық саябақта Әскери институттың 180-ге жуық сарбазы Отанға адал қызмет етуге ант берді.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бозбалалардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Әскери форма киіп, сап түзеген ұлдарын олар мақтанышпен тамашалады. Жас сарбаздар үшін бұл — жауапкершілік пен патриоттық рухтың маңызды сәті.

Әскери ант — ер жігіттің ел алдындағы анты. Бұл күн жас сарбаздар мен олардың отбасылары үшін ұмытылмас оқиғаға айналды.

#ЗаңжәнеТәртіп