Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы ғимаратының алдында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты рәсім аясында 15 медициналық ұйымға жаңа жедел жәрдем көліктері беріліп, 4 дәрігерге қызметтік пәтер кілттері табысталды. Саладағы үздік мамандар республикалық және өңірлік деңгейдегі марапаттарға, «Ерен еңбегі» медаліне, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдік және кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев, «QAMQOR» кәсіподағының төрағасы Қайрат Сабыр, саланың ардагерлері мен өңірдің медициналық қауымдастығының өкілдері қатысты.
Бұл күн тек мереке ғана емес, сонымен қатар халықтың денсаулығы мен өмірін қорғап жүрген барлық мамандардың еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет болды.