Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысы бастамашы болған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды.
Жобаның мақсаты – заманауи, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастыру, үш ауысымды оқытуды жою және қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.
«Samruk Kazyna Construction» АҚ аймақтықдиректоры Азамат Агелеуовтің айтуынша, биыл 12 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Жаңа жайлы мектептер Алтын Орда және Есетбатыр шағын аудандарында, «Саяжай-1», «Баурластар-3», «Жаңақоныс-2» тұрғын алаптарында және облыстың бірнеше ауданында салынып жатыр.
Өңір басшысы білім беру нысандарына инженерлік инфрақұрылым тарту мәселесіне айырықша көңіл бөлді. Қазіргі таңда жеті мектепке желілер толығымен тартылған, төртнысанда жұмыстар жалғасуда, бір мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттамадайындалуда.
Мәліметтерді тыңдаған облыс әкімі мердігерлер мен тиісті қызметтерге құрылысқарқынын үдетіп, барлық жұмысты мерзімінде аяқтау үшін жұмысшылар қатарын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ мектептерге кіреберіс жолдар салу, оқу орындарының маңында автотұрақтар ұйымдастыру және жауын-шашыннан жиналған суды ағызу жүйелерін салу қажеттігін ескертті.
«Келешек мектептері» жобасын жүзегеасыру – өңірдегі білім беруді дамытудың басым бағыты болып қала береді. Балалардың сапалы әрі жайлы жағдайда білім алуы – олардың жарқын болашағының кепілі», – деді өңір басшысы.