Бизнес өкілдерінің мәселелері тыңдалды

Бизнес өкілдерінің мәселелері тыңдалды


Өңір басшысы Асхат Шахаров пен облыс прокуроры Марат Әбішев әкімдік ғимаратында кәсіпкерлерді жеке қабылдап, олардың өңірдегі кәсіпкерлік қызметке қатысты маңызды мәселелерін тыңдады. Қабылдауға 14 кәсіпкер жазылған.

Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы саласындағы қаржылық және құқықтық мәселелер, сондай-ақ киіктердің егістік алқаптарына зиян келтіруі мәселесін көтерді. Сондай-ақ, құжаттар рәсімдеу процедуралары мен сауда объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету сұрақтары пысықталды.

Өңірдегі туризм мен қонақ үй бизнесінің дамуына қажетті іс-шаралардың жүйелі жоспарын жасау, мемлекеттік тексерулердегі заңдылықты қамтамасыз ету, өндірістік инфрақұрылымды кеңейту және санитарлық талаптарды жетілдіру қажеттілігі де атап өтілді.

Облыс әкімі Асхат Шахаров пен облыс прокуроры Марат Әбішев әрбір кәсіпкердің мәселесін мұқият тыңдап, тиісті органдарға шешім қабылдауды жүктеді. Сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін заңдық тұрғыдан қорғауға көңіл бөлуді тапсырылды.

Мұндай қабылдаулар алдағы уақытта әлі де жалғасын табады.