Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындау туралы хабар

 

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2026 жылғы 8 ақпанға тағайындау туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 4 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 5 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындады:

 

  1. Мәртөк ауданында әкімдер сайлауы:
  • Байнассай ауылдық округінде
  • Тәңірберген ауылдық округінде

 

  1. Темір ауданында әкім сайлауы:
  • Темір қаласында

 

  1. Ойыл ауданында әкім сайлауы:
  • Қайыңды ауылдық округінде

 

4.Хромтау ауданында әкім сайлауы:

  • Дөң ауылдық округінде

 

         Бүгін 2025 жылғы 31 желтоқсанда 4 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 5 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2026 жылғы 8 ақпаңға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 1 қаңтардан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

 

Дата публикации
31 декабря 2025