Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2025 жылғы 26 қазанда Ақтөбе облыстың 10 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 37 кандидаттан барлығы 7 кандидатты жеке өтініші негізінде тіркелгенге дейін алып тастады.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 30 кандидаттың 10 саяси партиялар, 20 өзін-өзі ұсынған. Оның 24 ер адам, 6 әйел адам. Кандидаттар арасында 1 этнос өкілдері бар.
10 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 3 – партия қатарында жоқ, 17 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 37.
23 кандидаттың жоғары білімі, 7 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 18 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 9 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 –жұмыссыз, 1-зейнеткер, 1 – басқа жұмыспен қамту тобының өкілі.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 25 қазанда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер: