Ақтөбе облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Ақтөбе облысы бойынша  мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен

тіркеу барысы туралы

 

2025 жылғы 30 наурызда Ақтөбе облысында 6 сайлау округтерінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында 19 кандидат ұсынылды. Оның 6 - саяси партиялар, 13 - өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 17 – ер адам және 2 – әйел адам.

11 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 5 партияға тиесілігін көрсетпеген, 3 - партия мүшесі емес.

Орташа жасы - 41 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 3 этнос өкілдері бар.

18 кандидаттың жоғары білімі, 1 – орта кәсіптік білімі бар.

Кандидаттардың 8 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 8 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 2 - саяси партия қызметкерлері, 1 – уақытша жұмыссыз.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж.5 наурыз сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 29 наурыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

 

Сілтемелер

  1. Ақтөбе облысының https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/documents/details/806072?lang=kk&parentId=67214
  2. Ақтөбе қаланың https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/documents/details/806033?lang=kk&parentId=7935
  3. Қобда ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda/documents/details/806049?lang=kk&parentId=67231
  4. Мұғалжар ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/documents/details/806153?lang=kk&parentId=8922
  5. Шалқар ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/documents/details/806067?lang=kk&parentId=9380

 

Дата публикации
28 февраля 2025