2023 жылғы 19 наурызда өткен Ақтөбе облыстық мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

2023 жылғы 19 наурызда өткен Ақтөбе облыстықмәслихатыныңпартиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлау қорытындылары туралы

 ХАБАР

 

2023 жылғы 19 наурызда Ақтөбе облыстықмәслихатының депутаттарының сайлауы болып өтті.

Сайлаушылардың тізімдеріне 562 698 азамат енгізілді.

Дауыс беруге 323 084 сайлаушықатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 108 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 4217 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 5 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс саны:

«Amanat» партиясы - 206534  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  65,17 проценті;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 34923  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  11,02 проценті;

Қазақстан Халық партиясы - 11170  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,52 проценті;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 13387  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 4,22 проценті;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 34953  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 11,03 проценті;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны - 15 927.

 

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:

«Amanat» партиясы - 13;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 2;

 

 

Ақтөбе облыстықсайлау комиссиясы

Дата публикации
24 марта 2023