Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 11.12.2022

Ақтөбе облысының

 ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 11.12.2022

2022 жылдың 11 желтоқсанында ауылдық округтер әкімдерін сайлау 4 сайлау округтері бойынша өтті (Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы, Құмжарған ауылдық округі, Ойыл ауданының Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі, Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округі).

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 24577 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 14777 (60,13%).

Сайлауға 152 мүшесі (21 аумақтық, 131 учаскелік комиссия) бар 3 аумақтық сайлау комиссиялары мен 19 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Тіркелген 12 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді, оның ішінде 4 кандидат «AMANAT» партиясынан, 8 кандидат өзін-өзі ұсынған.

Барлық 4 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 4.

Сайланған әкімдердің 2 мемлекеттік қызметшілер болып табылады (оның ішінде 1 - жұмыс істеп тұрған әкім), 1 коммерциялық құрылым қызметкері, 1 құқық қорғау органының зейнеткері.

Сайланған  әкімдердің орташа жасы – 39 жас, ең жасы – 31-де, жасы үлкені – 49-да.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

1

Мұғалжар ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/documents/details/388733?lang=kk

2

Ойыл ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/documents/details/384390?lang=kk

3

Шалқар ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/documents/details/384802?lang=kk

 

 

Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 11.12.2022
Дата публикации
11 декабря 2022