Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 13.03.2022

2022 жылдың 13 наурызында ауылдық округтер әкімдерін сайлау 8 сайлау округтері бойынша өтті (Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылдық округі, Алға ауданының Қарағаш, Тамды ауылдық округтері, Мұғалжар ауданының Ембі қаласы, Мұғалжар ауылы және Талдысай ауылдық округі, Ырғыз ауданының Жайсанбай ауылдық округі, Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі).

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 15017 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 8295 (55,24%).

Сайлауға 154 мүшесі (35 аумақтық, 119 учаскелік комиссия) бар 5 аумақтық сайлау комиссиялары мен 21 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Тіркелген 24 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (оның 9-ы 3 саяси партияның өкілдері, 15 кандидат – өзін-өзі ұсынған).

«AMANAT» партиясынан - 4, «Ауыл» партиясынан – 2, «Ақ жол» партиясынан – 2, Қазақстан халықтық партиясынан -1.

Тіркелген 24 кандидаттың 1-і әйел.

Барлық 8 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде:  «AMANAT» партиясынан ұсынылған -  4 адам, өзін-өзі ұсынған  - 4 адам.

Сайланған әкімдердің 5-і мемлекеттік қызметкерлер, 3-і бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Сайланған  әкімдердің орташа жасы - 42 жас, ең жасы - 33-те, жасы үлкені - 53-те.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

1

Әйтеке би ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/documents/details/280306?lang=kk

2

Алға ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/340170?lang=kk

3

Мұғалжар ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/documents/details/280173?lang=kk

4

Ырғыз ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/documents/details/280378?lang=kk

5

Қобда ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda/documents/details/280172?lang=kk

 

Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 13.03.2022
Дата публикации
14 марта 2022