Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 20.02.2022

2022 жылдың 20 ақпанында ауылдық округтер әкімдерін сайлау 2 сайлау округтері бойынша өтті (Мәртөк ауданының Тәңірберген ауылдық округі, Хромтау ауданының Дөң ауылдық округі).

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 3409 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 2733 (80,17%).

Сайлауға 38 мүшесі (14 аумақтық, 24 учаскелік комиссия) бар 2 аумақтық сайлау комиссиялары мен 4 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Тіркелген 6 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (оның 3-і 2 саяси партияның өкілдері, 3 кандидат – өзін-өзі ұсынған).

"Nur Otan" партиясынан - 2, "Ауыл" партиясынан - 1.

Тіркелген 6 кандидаттың 1-і әйел.

Барлық 2 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде:  «Nur Otan» партиясынан ұсынылған -  2 адам.

Сайланған әкімдердің 1-і мемлекеттік қызметші, 1-і бюджеттік ұйым қызметкері..

Сайланған  әкімдердің орташа жасы - 36 жас, ең жасы - 32-де, жасы үлкені - 41-де.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

1

Мәртөк ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/article/details/75865?lang=kk

2

Хромтау ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/documents/details/271246?lang=kk

 

Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 20.02.2022
Дата публикации
21 февраля 2022