Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 13 наурызға тағайындау туралы Хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2022 жылғы 13 наурызға тағайындау туралы

Хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 5 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 8 әкімді, оның ішінде 6 ауылдық округ, 1 аудандық маңызы бар қала және 1 ауыл әкімдерін сайлауды 2022 жылғы 13 наурызға тағайындады:

 

  1. Әйтеке би ауданында әкім сайлауы:

1) Қарабұтақ ауылдық округінде.

 

  1. Алға ауданында әкім сайлауы:

1) Қарағаш ауылдық округінде;

2) Тамды ауылдық округінде.

 

  1. Ырғыз ауданында әкім сайлауы:

1) Жайсанбай ауылдық округінде.

 

  1. Мұғалжар ауданында әкім сайлауы:

1) Ембі қаласында;

2) Мұғалжар ауылында;

3) Талдысай ауылдық округінде.

 

  1. Қобда ауданында әкім сайлауы:

1) Бегалы ауылдық округінде.

 

         Бүгін 2022 жылғы 11 ақпанда аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 5 ауданында 6 ауылдық округ, 1 аудандық маңызы бар қала және 1 ауыл әкімдерін сайлауды тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

         2022 жылдың 13 наурызына тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы                        12 ақпаннан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 13 наурызға тағайындау туралы Хабар
Дата публикации
11 февраля 2022