Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2021 жылғы 21 қарашаға тағайындау туралы Хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысының 3 ауданының аумақтық сайлау комиссиялары 1 қала және                2 ауылдық округ әкімдерін сайлауды 2021 жылғы 21 қарашаға тағайындады:

 

  1. Қарғалы ауданында әкім сайлауы:

1) Желтау ауылдық округі.

 

  1. Мұғалжар ауданында әкім сайлауы:

1) Жем қаласы.

 

  1. Хромтау ауданында әкім сайлауы:

1) Абай ауылдық округі.

 

         Бүгін 2021 жылғы 22 қазанда аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 3 ауданында 3 әкімді, оның ішінде 1 қала (Мұғалжар ауданының  Жем қаласы), 2 ауылдық округ әкімдерін сайлауды тағайындалды.

         Жем қаласы және ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

         2021 жылдың 21 қарашасына тағайындалған Жем қаласы және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Қала, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2021 жылғы                        23 қазаннан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2021 жылғы 21 қарашаға тағайындау туралы Хабар
Дата публикации
21 октября 2021