Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

2021 жылдың 19 қыркүйегінде ауылдық округтер әкімдерін сайлау 4 сайлау округтері бойынша өтті.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 4331 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 3051 (70.45%).

Сайлауға 68 мүшесі (21 аумақтық, 47 учаскелік комиссия) бар 3 аумақтық сайлау комиссиялары мен 9 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Сайлау бюллетеньдеріне 12 кандидат енгізілді.

Олардың 4-ін саяси партиялар ұсынды (33,3%): "Nur Otan" партиясынан 3, Қазақстан Халық партиясынан - 1 кандидат.

8 - өзін-өзі ұсынған (66,7%).

12 үміткердің 1-і әйел.

Барлық 4 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде: 

«Nur Otan» партиясынан -  3 адам,

Қазақстан Халық партиясынан – 1 адам.

Сайланған әкімдердің 2-і мемлекеттік қызметшілер болып табылады, 2 - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Сайланған  әкімдердің орташа жасы - 38 жас, ең жасы – 30-да, жасы үлкені - 59-да.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

1

Әйтеке би ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/documents/details/214698?lang=kk

2

Ырғыз ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/documents/details/214624?lang=kk

3

Мәртөк ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/documents/details/215152?lang=kk

 

Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
Дата публикации
20 сентября 2021