Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2021 жылғы 19 қыркүйекке тағайындау туралы Хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысының 3 ауданының аумақтық сайлау комиссиялары 4 ауылдық округ әкімдерін сайлауды 2021 жылғы 19 қыркүйекке тағайындады:

 

  1. Әйтеке би ауданында әкім сайлауы:

1) Ақтасты ауылдық округі.

 

  1. Ырғыз ауданында әкім сайлауы:

1) Құмтоғай ауылдық округі.

 

  1. Мәртөк ауданында әкімдерді сайлау:

1) Қарашай ауылдық округі;

2) Сарыжар ауылдық округі.

 

         Бүгін 2021 жылғы 20 тамызда аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 3 ауданында 4 ауылдық округ әкімдерін сайлау тағайындалды.

         Ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

         2021 жылдың 19 қыркүйегіне тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2021 жылғы                        21 тамыздан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2021 жылғы 19 қыркүйекке тағайындау туралы Хабар
Дата публикации
20 августа 2021