Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округінің әкімін сайлауды 2021 жылғы 22 тамызға тағайындау туралы Хабар

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының хабары

 

2021 жылғы 23 шілдеде Ақтөбе облысы Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округінің әкімін сайлауды 2021 жылғы 22 тамызға тағайындады.

Бершүгір ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды.

2021 жылдың 22 тамызына тағайындалған Бершүгір ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 24 шілдеден басталады.

Сайлау туралы ақпарат Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттінде орналастырылды.

Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округінің әкімін сайлауды 2021 жылғы 22 тамызға тағайындау туралы Хабар
Дата публикации
23 июля 2021