
1978 жылғы 3 қазанда Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын, 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2013 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, 2018 жылы Атырау мұнай және газ университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі - дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, халықаралық экономист, менеджер, техника және технология бакалавры. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушысы болып бастаған.
2004-2007 жылдары - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы
2007-2013 жылдары - Олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры
2007-2012 жылдары - Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
2012-2013 жылдары - Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты
2013-2020 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе, Бәйтерек аудандарының әкімі
2020-2022 жылдары - Ақтөбе қаласының әкімі
2022-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы
2023 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
Марапаттары
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған