Ырғыз ауданында жер мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

Ырғыз ауданында жер мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

А.ж. 24 сәуір күні Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының Жерге орналастыру және жер есебін жүргізу бөлімінің басшысы Қ. Советов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. ✨Қабылдау барысында жер қатынастары саласына қатысты өзекті мәселелер қаралып, тұрғындардың сұрақтарына нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ✅Аталған кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың өтініштерін тыңдау, құқықтық сауаттылығын арттыру және жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша ашық әрі тиімді диалог қалыптастыру.