
🏛 Ақтөбе облысы әкімдігінде өңір активінің кеңейтілген отырысы өтті. Аймақ басшысы Асхат Шахаров төрағалық еткен отырысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты. 📊 Іс-шара мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадр сапасын арттыру, жас мамандарды тарту және заманауи басқару тәсілдерін енгізу мәселелеріне арналды. Жиынға облыстық мәслихат, құқық қорғау органдары, аумақтық департаменттер мен басқармалар басшылары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ардагерлері шақырылды. Аудан әкімдері онлайн форматта қосылды. ✅ Жиынның басты тақырыбы – өңірде кадрлық резерв жүйесін күшейту және жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау тетіктерін кеңейту. 📌 Өңірде 3822 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. 💬 Дархан Жазықбай өз сөзінде мемлекеттік қызметтің тиімділігі тікелей кадрлардың біліктілігі мен кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті. 🏅 Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет ардагерлеріне «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталып, өз ісінде үздік нәтижеге жеткен қызметшілер марапатталды. «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Ал мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту бағытында жүргізіліп жатқан реформалар - еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірін жаңғыртуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік қызметші – еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын, қоғамда адалдық пен әділеттіктің үлгісін көрсететін халықтың айнасы. Жауапкершілігі жоғары салада өздеріңізге жүктелген міндет пен жоғары сенімді ақтауда бар күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді сарқып, ел-халыққа адал қызмет ете беруге шақырамын», - деп өңір басшысы жиынды қорытындылады. 📌 Жұмыс сапары аясында Агенттік төрағасы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектері, жас мемлекеттік қызметшілер, студенттер және кадр резерві мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді.