Ақтөбе облысынан келген меймандар әуелі облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Абай ауданына барып, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесінде болып, ұлылар рухына тағзым етті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына қарасты Абай музей-үйін аралап, құнды жәдігерлермен танысты.