
"Жерге орналастыру, геодезия және картография" күніне орай а.ж. 3-і сәуірінде жер саласына қатысты мемлекеттік мекемелер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – сала мамандары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту және кәсіби мерекені лайықты деңгейде атап өту. Жарыс бағдарламасы волейбол және футбол ойындарын қамтыды. Қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты да әсерлі ойындар өткізді. Нәтижесінде үздік командалар анықталып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.