
Жер – басты стратегиялық ресурс. Оның бар игілігі елді дамытып, халықтың тұрмысын жақсартуға арналуы керек.
2025 жылдың 8 қыркүйек күні Мемлекет басшысы өз жолдауында мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді жер қадірін білетін, адал еңбек ететін кәсіпкерлерге беру және қайтарылған жер учаскелерін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты түрде айналымға енгізу туралы нақты тапсырма берілген болатын.
2025 жылғы бекітілген жоспар бойынша көлемі 160 мың гектар пайдаланбай отырған 197 субъекті, жер көлемі 234,2 мың гектар қайтарылып, (жоспар 146 пайыз) орындалды.
Ағымдағы жылы облыс бойынша 80 мың га пайдаланбай жатқан жерді қайтару жоспарлануда. Қазіргі таңда, жоспар бекітіліп, аудан әкімдерімен келісілді.
2022–2025 жылдар аралығында жалпы көлемі 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 1 092,3 мың гектар жер учаскелері қайта айналымға енгізілді.
Қалған 164,2 мың гектар жер учаскелерін 2026 жылдың маусым айына дейін қайта айналымға енгізу жоспары бекітілді.