Әйтеке би ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне конкурс жариялайды

Әйтеке би ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне  конкурс жариялайды

2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ ҚР Жер кодексінің 43, 43-1  баптарын(әрі қарай Кодекс), ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығынбасшылыққа ала отырып, Әйтеке би ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін жалға беруге конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9- тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

    1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс..

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. 

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

      Кодекстің 43-1 бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ кодекстің                        43-1 бабының 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.

Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізімі мен  конкурстың қағида талаптарын және жалға беру шартының үлгілерін «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-нен тікелей алуға болады. (байланыс телефоны:8(71339)21523

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау,  конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеуөтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі және өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша қабылданады.

 Конкурстық өтінімдер 2026 жылдың 05 қаңтарынан 26 қаңтар аралығында қабылданады. Конкурс 2025 жылдың 27 қаңтар сағат 10:00 де әкімшілік ғимаратында өтеді.  Конкурс өткізу орны: Т.Жүргенов ауылы, Т.Жүргенов көшесі, №62 мекен жайда.

 

 

Конкурсқа шығарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің

тізбесі

Лот

Жер алқабының
 
қысқаша сипаттамасы,  (орналасуы, аудан орталығынан  қашықтығы, топырақ құнарлығы, сумен қамтылуы, өңірдің мамандануы)

Көлемі,га
 

Жалға беру мерзімі, жыл

Лот 1

Жайылымдық жерлер, Жабасақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен  71 км, топырақ бонитеті - 9, сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

800

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 2

Жайылымдық жерлер, Жабасақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен  79 км, топырақ бонитеті - 9, қамты    лмаған, мал шаруашылығын жүргізу

800

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 3

Жайылымдық жерлер, Жабасақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен  100 км, топырақ бонитеті - 9,  қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

2300

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 4

 

Егістік жерлер, Ақтасты ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 68 км, топырақ бонитеті - 30, егін шаруашылығын жүргізу

1000

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 5

Егістік жерлер, Ақтасты ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 68 км, топырақ бонитеті - 30, егін шаруашылығын жүргізу

1000

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 6

Жайылымдық жерлер, Сұлукөл ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 120 км, топырақ бонитеті - 11, сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

1400

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 7

Жайылымдық жерлер, Тұмабұлақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 153 км, топырақ бонитеті - 9,  сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

10000

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 8

Жайылымдық жерлер, Қайрақты ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 105 км, топырақ бонитеті - 11, Шолақ-Қайрақты өзені бойы, мал шаруашылығын жүргізу

1000

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 9

Жайылымдық жерлер, Қарабұтақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 95 км, топырақ бонитеті - 11, сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

1000

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 10

Жайылымдық жерлер, Қарабұтақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 68 км, топырақ бонитеті - 11, сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

680

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 11

Егістік жерлер, Әйке ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 94 км, топырақ бонитеті - 30, егін шаруашылығын жүргізу

880

10 жылдан
 49 жылға дейін

Лот 12

Жайылымдық жерлер, Жабасақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен  81 км, топырақ бонитеті - 9, сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

90

10 жылдан
 49 жылға дейін

 

Барлығы:

20950 га